KZ
Өскемен
-21°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталды

30.07.2022, 08:12 187

Қазақстанда қаңтар трагедиясы бойынша 717 адам сотталды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар күшін «қаңтар трагедиясының» себептері мен егжей-тегжейін анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады. Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды», - деп хабарланды Бас прокуратураның алқа отырысында.

Ведомствода нақтылағандай, үкім жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін шығарылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу