KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Өскемендегі кәсіпкерлер прокуратурадан көмек сұрады

1.03.2022, 15:49 143

Өскемен қалалық прокуратурасына өңірдегі 3 кәсіпкер мемлекеттік сатып алу саласында орын алған заңбұзушылықтарға қатысты шағымданған. Атап айтқанда, олар - «Fyrst company» ЖШС, «Titan premium group» ЖШС, «Востоктранссигнал» ЖШС.

Кәсіпкерлердің өз шағымдарында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде өз міндеттемелерін адал және толық көлемде орындағанын атап өткен. Алайда белгіленген мерзімде тапсырыс берушілер шарт бойынша төлем жасамаған.

«Тапсырыс берушінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде біздің кәсіпорын қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлей алмады. Сонымен қатар, салықтар мен несиелік міндеттемелер бойынша берешек пайда болды» - дейді «Востоктранссигнал» ЖШС директоры Азамат Жуватканов.

Қалалық прокуратура жағдайды талдап, қаланың басқа кәсіпкерлері де осындай проблемаларға тап болғанын анықтаған.Тексерулердің нәтижесінде, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 75 кәсіпкерге 497 млн. теңге берешек қайтарылды. 

-  Барлығы 170, оларға тапсырыс берушілер 600 млн. теңгеден артық төлемеген. Заңдылықтың бұзылуын жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы тапсырыс берушілердің атына қадағалау актілерін енгізді. Басқа да бизнес субъектілерінің құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Айтып өтейік, кәсіпкерлер құқығын бұзған жағдайда қала прокуратурасының мобильді тобына 75-48-48, 8-778-775-48-48 сенім телефондары арқылы хабарласа алады, - деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив