KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Ауыл әйелдерінің форумы өтті - ШҚО

20.09.2022, 11:12 202

16 қыркүйек күні ШҚО-да Шығыс және орталық өңірлердегі ауыл әйелдерінің форумы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Конференцияға онлайн-режимде 4 облыстың өкілдері қатысып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысуы, өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық өсу жолында бизнес жүргізу үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру  және басқа да мәселелерді талқылады.

Форум "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ, "Coca-Cola" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары әкімдіктерінің қолдауымен өткен.

ШҚО мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков қатысушыларды облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан құттықтап, іс-шара ауыл аумақтарын дамытуға әйелдердің қатысуы сияқты маңызды тақырыпты талқылау үшін өңірден 150 қатысушыны біріктіргенін атап өтті.

- Облыста өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда. Әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлінеді. Сапалы білім беру үшін жағдай жасалып жатыр. 2023 жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыру басталады. Мемлекет саясатының стратегиялық мақсаттарының бірі аграрлық секторды дамыту, ауылдың әлеуметтік дамуының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. ШҚО өсірілген күнбағыс көлемі бойынша елімізде көш бастап тұрғанын ескере отырып, басты міндет оны қайта өңдеу және жоғары сапалы, дайын өнімді нарыққа шығару болып қала береді. Облыстың мал шаруашылығы да тұрақты дамуда, - деп атап өтті Денис Рыпаков.

"Жасыл "экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік қолдау және бизнес-дағдыларды дамыту туралы айтып берді.

Алтай ауданы ТЖ басқармасының бас маманы Алевтина Мамаева өз жетістіктерімен бөлісті.

- Менің еңбек жолым 17 жылдан бері жалғасып келеді. Мен күш құрылымдарына жас кезімде келдім. Әрқашан әскери болуды армандайтынмын, 19 жасымда тергеуші болып жұмысқа тұрдым, онда 2 жыл жұмыс істедім, содан кейін мені өртке қарсы қызметке шақырды. Кіші лейтенанттан подполковникке дейін өсу жолында көптеген қиындықтарға тап болдым. Бірақ мен оларды жеңдім. Қазір мен Алтай ауданы ТЖ басқармасының бас маманымын, су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысамын, кей кездері өрт сөндіруге де тура келді., - деді Алевтина Мамаева.

Кездесу барысында басқа әйелдер де өз жетістіктерімен бөлісті.

Форум соңында 2022 жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумына қатысу үшін облыстан делегаттар сайланып, алғыс хаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив