KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
502.27 597.15 6.57

Қазақстандағы тұрғын үй бағасына қатысты сарапшылар болжам жасады

24.01.2022, 12:28 326

Ағымдағы жылдың 24-30 қаңтар аралығында отбасында алкогольді мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция отбасы-отбасында орын алатын құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

Осыған байланысты азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді заңсыз сату туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда «102» арнасына хабарлауды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу