KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Өскеменде ШҚО әкімінің шыршасы өтті

25.12.2022, 18:30 660 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында  ҚР Президенті мен ШҚО әкімінің дәстүрлі мерекелік шыршасы өтті.

Биылғы іс-шара Балалар жылы аясында ұйымдастырылып, мерекеге 9-13 жас аралығындағы 450 бала қатысқан, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, аталмыш шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды оқушылар қатысты.

Жас қатысушылар әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездесіп, сиқырлар әлемге саяхат жасады.

- Облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Биыл барлығыңыздың жақсы оқып, үлкен байқаулар мен жарыстарда жеңіске жеткендеріңізге шын жүректен өте қуаныштымын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің болашағы цифрлық технологияларға байланысты екенін атап өтті. Осы орайда  білім мен дағдыларға ие болу, нақты ғылымдарды түсіну, тілдерді, тарихты және әдебиетті білу өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қазіргі заманда сіздер өте білімді, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдірген және жан-жақты бола білулеріңіз керек. Сіздерге және сіздердің ата-аналарыңызға осындай керемет мерекеде бейбітшілік пен жақсылық, денсаулық, ұстаздарыңыз бен жетекшілеріңізге үлкен шыдамдылық пен даналық тілеймін! Бұл шырша әрқайсыңыз үшін жарқын және ұмытылмас мереке болсын. Өз елдеріңізді жақсы көріңіздер, Қазақстанның патриоты болыңыздар, - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев. 

Өңір басшысының атынан 250 балаға 150 мың теңге сомасына ақшалай сертификат пен тәтті сыйлық табысталды. Ал, ҚР Президентінің атынан 200 бала 150 мың теңге сомасына ақшалай сертификат, кітап және тәттілер табыс етілді

- Мен көпбалалы отбасынан шыққанмын. Сол себепті де бүгінгі мерекеге шақырту алдым. Бүгінгі шырша өте қызықты болды. Жаңа достар тауып, көңіл көтеріп, ойын ойнадық, - дейді 6 сынып оқушысы Нұрлан Сайлауов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу