ҚР Президенті мен облыс әкімінің шыршасы өтеді – ШҚО
25 желтоқсан күні сағат 11.00-де «Ертіс концертінде» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан, 14.00-де ШҚО әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» Жаңа жылдық шыршасы өтеді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша ҚР Президенті мен облыс әкімінің атынан балаларға мереке ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2022 жылы Президенттік шырша Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында өтеді.
Жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатарынан облыстың 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 бала қатыспақ.
ҚР Президентінің атынан 200 бала 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат, құттықтау хат, кітап, тәтті сыйлықтар, ал ШҚО әкімінің атынан 250 бала 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат пен тәттілер алады.