Бүгін – Алғыс айту күні
Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күні Алғыс айту мерекесін атап өтеді.
2016 жылдың 14 қаңтардан бастап 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді.
Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.
Осы мерекеде бірі ата-анасына алғыс айтып жатса, екіншісі Отаны мен бұқара жұртқа ықыласын білдіріп жатады. Сонымен қатар атаулы мейрам күні барлық өңірде түрлі форматтағы мәдени және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.