KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Фото: didarbek.kz

1.06.2023, 10:35 324

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!" – деді Президент өз құттықтауында.  

Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,7 миллионға жуық бала тұрады. Қазір жалпы халық санындағы кішкентай қазақстандықтардың үлесі – 34,1%. Бұл көрсеткіш он жыл бұрын 30,1% болса, 2010 жылы небәрі 29,7% болған.

Халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі ең көбі Түркістан облысында – 43,3%, ал ең аз – Солтүстік Қазақстан облысында, 24%.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу