KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

ШҚО-да вагондар рельстен шығып кетті

Шартты сурет: azattyq-ruhy.kz

26.10.2023, 08:10 593 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да вагондар рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған . Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жағдайды Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды.
Оқиғаның егжей-тегжейлері нақтыланады. Жүк құрамының кен және көмір тасымалдағаны белгілі. 
Біз оқиғаның дамуын ары қарай бақылайтын боламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу