KZ
Өскемен
-14°
туман жел 2 м/с, СБ
501.02 597.27 6.59

Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

31.01.2026, 11:30 221 Әбішев Ержан

14 ақпанда Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңіне кіреді. Турнир барысында жүгіру түрлерімен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да жүлделер сарапқа салынады.

Жарыс нәтижелері World Athletics халықаралық ұйымының әлемдік рейтингіне есептеледі. Бұл спортшылар үшін халықаралық деңгейде ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Халықаралық турнир Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу