KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Катонқарағайда Өрел өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді

14.12.2023, 20:59 308 Ләззат Қанатқызы

Катонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, су тоғыз үйдің ауласына жайылып, үш үйге кірді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өзен арнасына мұз қатып, соның салдарынан судың деңгейі көтерілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқиға орнына дереу жеткен аудан әкімі төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол жерде жергілікті атқарушы органның және ТЖБ-ның өкілдері жұмыс істеп жатыр.

- Арнайы техникалар жұмылдырылды. Мотопомпалармен суды сыртқа шығарды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнасын қар-мұздан тазарту жұмысы жалғасуда. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық тиісті жұмыстар қолға алынған, - деді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.

Жағдай жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив