Катонқарағайда үлкен көпірді су шайып кетті
Скринделген сурет
Ақбұлақ өзені биыл 4 метрден жоғары көтеріліп, Берел ауылындағы үлкен көпірдің бір шетін су шайып кетті.
Бұл туралы Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандардың айтуынша, Ақбұлақ өзені осы уақытқа дейін қатты тасыды дегенде 2.5 метрге дейін көтерілген. 34 жылдық тарихы бар көпірге 2014 жылы бөгеу дамбы салынған.
"Күн күрт ысып, таудағы мұздықтар еріп жатыр. Салдарынан Берел ауылындағы үлкен көпірдің бір шетін су шайып кетті. Ақбұлқақ өзені биыл 4 метрден жоғары көтерілді. Арнадан асқан Ақбұлқақ 5 метр дамбыны шайып әкетті. Оқиға орнына ауыр техникалар тартылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті", – деп жазды аудан әкімі.
Оқи отырыңыз