Өскемен: 1 ақпаннан бастап жылу тарифі көтеріле ме?
фото дереккөзі: sevkazenergo.kz
Өскемен ЖЭО және "Өскемен жылу жүйелері" АҚ тарифтерінің жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар 5 қаңтарда өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өскемен ЖЭО тарифтерді көтеру қажеттілігін өзінің инвестициялық бағдарламасын "Инвестицияларға айырбастау тарифі" жобасына сәйкес түзетумен байланыстырады.
Кәсіпорынға жаңа күл үйіндісін салуды талап етеді, өйткені қазіргісі 2025 жылға қарай толады.
Сондай-ақ, бу құбырларын ауыстыру, қазандық агрегаттары мен күл құбырларына күрделі жөндеу жүргізу және кейбір жабдықтарды ауыстыру жоспарлануда. Бұл жұмыстарға жылына 5 миллиард 274 миллион 677 мың теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорын өндірістік қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлердің жалақысын көтеруге ниетті.
2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда Өскемен ЖЭО өндіретін жылу тарифі 7,2 пайызға (бір гигакалория үшін 4 642, 86 теңгеден 4 975,37 теңгеге дейін) өсуі тиіс.
Сондай-ақ, Жаңа Ахмердегі №5 қазандықты жаңарту қажет. Жабдықтары мен құбырлары жүз пайыз тозған бұз қазандық 2020 жылы Жылу желілерінің балансына берілген болатын. Бұл жұмыстардың болжамды құны 547314,802 теңге.
Кәсіпорында қызметкерлердің жалақысын арттыру қажеттілігі де бар. Өткен жылы жалақының төмендігіне байланысты "Өскемен жылу жүйелерінен" 146 адам жұмыстан кетті.
Егер ұсынылған тарифтер жобасы бекітілсе, 30 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің тұрғындары қазіргі 3 322 теңгенің орнына 4 130 теңге төлейді.
Егер пәтердің көлемі 50 шаршы метр болса, онда төлем айына 5 319 теңгеден 6 613 теңгеге дейін көтеріледі. Көлемі 65 шаршы метр болатын пәтер тұрғындары қазіргі 6 980 теңгенің орнына 8 878 теңге төлеуге тура келеді.
Алайда, бұл әзірге жоба. Осы аптада бұл ұсынысты ШҚО Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қарайтын болады. Олар әлі де түзетілуі мүмкін.