Өскеменде жылу құбырлары ауыстырылады
Фото: vk.com
Облыс орталығындағы Вострецов көшесінде жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жылу құбырлары сонау 1983 жылдан бері ауыстырылмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Биылғы маусымда «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның мердігер компаниясы «Ақпараттық қауіпсіздік орталығы» ЖШС Вострецов 4, 6, 8А көшесінің бойында жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы ауыстырылатын диаметрі 159, 108, 89 мм құбырдың ұзындығы 980 метр, - дейді «Өскемен жылу жүйелері» АҚ баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде барлық тұтынушылар ыстық сумен қамтамасыз етілген.
Тамыз айының аяғында жұмысты толықтай аяқтап, қыркүйек айының басында абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз