KZ
Өскемен
-14°
плотный туман жел 1 м/с, Ю
498.55 524.28 4.75

Өскемен ЖЭО ауқымды жөндеу жұмыстарын қажет етеді – ШҚО әкімі

Фото: eeq.kz

1.07.2023, 11:24 640 Ләззат Қанатқызы

Қазір облыс орталығындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары штаттық кестеге сәйкес жүргізілуде.

Кәсіпорын басшылығы негізгі жабдықты ауыстыру бойынша инвестициялық бағдарлама ұсынған, ол станцияның тозу пайызын 2,5 пайызға төмендетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, өңірдегі ең ірі жылу электр станциясында көмірдің қажетті қоры бар. 2023 жылға қатты отын жеткізу жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан көрінеді.

- Өскемен ЖЭО 1947 жылы салынған, яғни қазір ауқымды жөндеу жұмыстарды қажет етеді. Кәсіпорын басшылығы негізгі жабдықты ауыстыру бойынша инвестициялық бағдарламаны ұсынды, бұл станцияның тозу пайызын 2,5 пайызға төмендетеді. Сондай-ақ №16 қазандық агрегатын салу жоспарланып отыр. Қала жыл сайын өсуде, тұтынушылар саны да артып келеді. Сондықтан басты мақсат - жылу тапшылығының болмауын қамтамасыз ету, - дейді аймақ басшысы.

Облыс әкімі кәсіпорын жұмысымен танысу барысында Өскемен қаласының әкіміне жылу беру маусымының басында ЖЭО өзіне алған барлық міндеттемелерді толық көлемде орындауы үшін жұмыс барысын бақылауды жіті тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу