2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
![](/kz/uploads/posts/2024-10/462408378_514448714879011_379700437615683352_n.webp)
Ербол Мырзабосынов пен Мариус Визер. Фото: instagram/erbol_myrzabosynov
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапештте халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдер қабылданды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап.
2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды.
Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. 11-13 қазанға жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады. Аталмыш турнирде ел намысын 13 татами шебері қорғайды.