KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Мұқағали Мақатаевтың "Мен деп ойла" өлеңіне жазылған хиттің құпиясы

28.10.2024, 20:00 139 Төлеуғазы Жансая

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері қазақ өнерінде талай сазгерге шабыт беріп, көптеген әншілердің жұлдызын жақты. Соның ішінде сазгер Төлеген Мұхамеджановтың "Мен деп ойла" әні ерекше орын алады. Айжан Нұрмағамбетованың орындауындағы бұл ән бірнеше буынның сүйікті туындысына айналып, уақыт өте келе өзінің бірегей хит статусын сақтап келеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Сазгер Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, "Мен деп ойла" әнінің алғашқы әуені Мұқағали Мақатаевтың өлеңін оқығаннан кейін жазылған. Сазгер ол кезде Алматыдағы Опера және балет театрының директоры болып қызмет атқарған. Бұл ән оның жары әрі музасы Нұржамал Үсенбаеваға арналған. Алғашқыда бұл ән көпшілікке жай ғана әуен ретінде ұсынылғанымен, жылдар өте тыңдарман сүйіспеншілігіне бөленді.

90-жылдары Төлеген Мұхамеджанов өзінің "Ақжелкен" атты жеке альбомын шығармақ болып, ерекше орындаушы іздейді. Ол кезде жас әнші Айжан Нұрмағамбетованың сахналық болмысы мен ерекше мәнері сазгердің көңілінен шығып, "Мен деп ойла" әнін орындауға ұсыныс алады. Әннің алғашқы орындаушысы ретінде Нұрмағамбетова осы туынды арқылы ел арасында танымалдылыққа ие болады.

Бүгінгі таңда "Мен деп ойла" әні Қайрат Түнтеков, "Заман" тобы және жас орындаушы Yenlik сынды заманауи әншілердің репертуарында жаңа сипат алды. Әннің әр орындауда тыңдарман жүрегін баурап алуы оның мәңгілік екенін дәлелдеп келеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу