KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні

29.08.2021, 10:44 111

Бүгін елде Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді. Осыған орай Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал таңғы сағат 10-да Қазақстанның барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына құран бағышталады.
Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында көңілашар бағдарламалар тоқтайды. Ойын-сауық шаралары өткізілмейді.
Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери қоймада әуелі өрт шығып, көп ұзамай бірнеше жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, жүзге жуық тұрғын жарақат алған. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 10-рет жарияланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив