Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік ту түсірілді
13 шілдеге қараған түні Қазақстанның барлық қаласында ұлттық аза тұту белгісі ретінде мемлекеттік ту түсіріліп, телеарналар эфирінен ойын-сауық бағдарламалар көрсетілімі тоқтатылды.
Дүйсенбі күндіз ірі мешіттерде дұға оқылса, шіркеулерде ғибадат болады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
13 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда тоғызыншы рет ұлттық аза тұту күні жарияланып отыр.