KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Қала күні. Жақсылық Омар Өскеменнің бұрынғы датасын қайтарып берді

24.08.2021, 16:45 150

Бір кездері Қала күні Конституция күнімен тұспа-тұс келіп жүрді. Алайда ресми түрде бекітілген мемлекеттік мереке «Қала күнінің» көлеңкесінде қалып жүргендіктен, зиялы қауым өкілдері мен қала әкімшілігі Қала күнін тойлауды қыркүйекке ауыстырып, бірнеше жыл күзде тойланып жүрді.

Дегенмен 2020 жылы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Қала күнін тойлау күнін бекіту туралы ұсыныс тастап, ол қалалық мәслихаттың қорытынды сессиясында жариялады. Ал 2021 жылы қала әкімшілігі бұл күннің нақты бекітілгенін растап отыр.

- Қала күні 30 тамызда болады. Бұл туралы қала әкімі биыл халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Тіпті Қала күніне орай өтетін шаралардың жоспары да бар. Алайда қала әкімшілігі індетке байланысты жоспарларға түзетулер енгізіліп жатқанын хабарлап, мерекелік бағдарлама туралы ашып-жарып айта алмады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу