KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Алеся, Вильсон, Хит атты иттер ШҚО-да қауіпті су жағалауларын күзетеді

24.06.2021, 12:30 70

Су жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке құтқарушылардан бөлек, арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылады

Лабрадор тұқымды Алеся, Вильсон, Хит атты иттер түсуге қауіпті су жағалауларын күзетеді және зардап шеккендерді құтқару қызметін атқарады. Лабрадор тұқымы адамды жақсы көретіндігімен, ақылдылығымен әрі батылдығымен ерекшеленеді. Құтқарушы иттерді үстіндегі жарқырайтын арнайы жилеттері арқылы алыстан байқауға болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, жақын арада иттерді үйрету және суда құтқару бойынша сертификат алу мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады.

«ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі кинолог мамандардың қызметтік иттерді дайындауда тәжірибесі мол. Біз республикада алғашқылардың бірі болып өзіміздің кинологиялық қызметімізді құрдық. Ал қазіргі уақытта құтқарушы иттер ҚР ТЖМ әрбір құтқару бөлімшесінде бар. Биыл біздің құтқарушы иттер төрт іздестіру-құтқару операциясына қатысты», - деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің басшысы Марат Әбілсейітов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив