Күршімде қаңғыбас иттер балаларға қауіп төндіріп тұр

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындардың бірі шағым қалдырды. Айтуынша, Діңгек және Юбилей шағын ауданының тұрғындарынан, ата-аналардан қаңғыбас иттер мектепке баратын балалармен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш шағымға байланысты әкім аудандық ветеринария бөліміне тапсырма берді. Қазіргі таңда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Ауданымыздың өзгеде ауылдарында осындай немесе өзгеде мәселелер туындаса парақшаға жазып отырыңыздар. Жерлестерімізден келіп түскен әр шағым жіті бақылауға алынады, - дейді аудан басшысы.