KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Прокуратура: "ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр"

15.06.2021, 17:01 205

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президенттің бизнесті тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы қолданысқа енгізілді.

Жарлық талаптарының сақталуын облыс прокуратурасы ерекше бақылауға алған. Атап айтқанда, өткен жылы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылған екен. Олар уәкілетті органның шұғыл хабарламаларынсыз жүргізілген болатын.

Осы жылы уәкілетті органдардың тексеру кестесінен 2 шағын кәсіпкерлік субъектісі алынып тасталды.

Мысалы, Глубокое санитарлық-эпидемиологиялық қадағау басқармасы осы жылдың бірінші жартыжылдығында «Нефрит 13» ЖШС шағын бизнесті тексеруін жоспарлаған.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының ТЖ басқармасы шағын кәсіпкерлік өкілі болып табылатын «Азамат» жеке меншік балабақшасына заңсыз тексеру жұмыстарын жоспарлапты.

Алайда Прокуратураның қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындар тексеру тізімінен шығарылып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

- Жұмыс заңсыз тексерулерді анықтауға және осындай фактілердің алдын алуына бағытталған. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокуратурада ұтқыр топтар және СоІІ-орталық жұмыс істейді, олардың телефон нөмірлері облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған, - деп хабарлайды ШҚО Прокуратура баспасөз қызметі. 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив