ШҚО: 1500-ден астам балаға оқу құралдары салынған сөмке табысталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/ae0/ae07ab797e8c437e75763785247afb9c.jpg)
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстандағы филиалы 1500-ден астам балаға оқу құралдары салынған сөмке табыстады.
– «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында және «Мектепке жол» акциясының шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға материалдық қолдау көрсеттік. Бұл дәстүрлі іс-шараны биыл 15 тамызда бастадық, – дейді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Д.А.Сомов.
Осы орайда айта кетуіміз керек, бұл іс-шара 10 жыл көлемінде ұйымдастырылып келеді. Жобаға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері демеушілік жасайды.
– Балаларды жаңа оқу жылына дайындау көпбалалы отбасылар үшін оңай емес. Сондықтан «Мектепке жол» акциясы үлкен көмек болып тұр. Осы игі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – дейді Өскемен қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Г.К.Нукежанова.