KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Риддерде өрт толықтай ауыздықталды

12.05.2021, 16:45 1 365

Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жау толықтай сөндірілді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мамыр сағат 14.30-дағы жағдай бойынша, жалпы ауданы 272,4 гектарды шарпыған дала өрті өшірілді.

«Қызыл жалын осыдан екі күн бұрын сағат 13.55-те Риддер орман шаруашылығында шыққан болатын. Екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 493 адам, 69 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу