KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Денсаулық сақтау басқармасынан кеткен басшы ШҚО әкімі аппаратында орынбасар болып тағайындалды

11.03.2021, 10:31 197

Өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасын 3 жыл басқарған Ілияс Мұхамеджан өткен жылдың қазан айында қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

Экс-басқарма басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеттім» деп жазған. Алайда содан бері 5 ай өтті, қандай қызметке кеткенін ешкім ашып-жарып айтпады.

Енді міне, оның жаңа лауазы туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің Көкпектіге барған іссапары кезінде мәлім болды.

- Биыл Самар ауылының босандыру блогы жаңа екінші деңгейге өтеді. Біздің облыс әйелдерінің басым бөлігі Өскемен мен Семейге босануға барады. ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанға және Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қосымша медициналық жабдықтар сатып алу қажеттілігін қарастыруды тапсырамын, - деп жазды Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында. 

Айта кетейік, Ілияс Мұхамеджан С.Д.Асфендияров атындағы ҚазММУ-ды бітірген. Алматы Жедел медициналық көмек ауруханасының операциялық блогында санитар болып жұмыс істеді. Кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында (ҰУО) ғылыми қызметкер, ҰУО-да ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне 2019 жылдың 8 мамырында тағайындалған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу