KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да Денсаулықсақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

7.05.2019, 03:09 104

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова аймақ жұртшылығына Денсаулықсақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды.  Өңірдің бас дәрігері – Мұхамеджан Ілияс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Мұхамеджан Ілияс бұған дейін басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

 

Денсаулықсақтау басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек жаңа басшының сауалнамалық мәліметтерін хабарлады.

 

– Мұхамеджан Ілияс Алматыда Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды бітірді. Ол өзінің еңбек жолын студент кезінде ауруханада санитар болып жұмыс істеп бастаған. Содан кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында жалпы урология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. Кейінірек аталмыш мекемеде бөлімше меңгерушісі дәрежесіне көтерілді. Содан соң Өскемендегі Денсаулық сақтау басқарма төрағасының ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі орынбасары болды. Әр жылдары Еуропаның жетекші медициналық клиникаларында өз біліктілігін арттырды. Қазақстан урологтар қауымдастығының Басқарма мүшесі, урология және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми еңбектердің авторы, медицина ғылымдарының кандидаты, медицина магистрі, – деп мәлімдеді Ә.Қайратбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив