90 млн теңге: Өскемендегі ескі көпестің үйі сатылымға қойылды

Krisha.kz сайтында Өскемендегі тарихи үй сатуға қойылды. Үй Чехов көшесінде орналасқан алтын өндіруші, көпес Андрей Меновщиковке тиесілі. Нысан үшін 90 миллион теңге сұрап отыр.
Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 500 шаршы метрді құрайды. Ішінде кеңселер бар.
Тарихи және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде ғимарат «шарап қоймасы бар үй» деп көрсетілген. Құрылыс кезеңі - ХХ ғасырдың басы. Материалы - кірпіш. Бірінші қабатта орналасқан бұрынғы шарап қоймасын қазір мейрамхана алып жатыр.
Ғимаратта тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізуге ғана рұқсат бар, ал оны бұзып, қайта тұрғызуға тыйым салынады.