ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды
ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Сондай-ақ, қаулыда 2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап облыс аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар қайта қатынай бастайтыны жазылған.
Оқи отырыңыз