ШҚО-да әскери бөлімнің 78 жылдығы аталып өтті
97616 әскери бөлімінің іргетасы 1942 жылы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында КСРО Халық комиссарлар қорғанысының №226 бұйрығы негізінде 31 қазанда Мәскеу қаласында қаланған.
Құрылған сәттен бастап дивизия көптеген шайқастарға қатысып өзіндік жауынгерлік жолдардан өткен. Неміс басқыншыларынан азат ету тапсырмасын үздік орындағаны үшін дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденімен де марапатталады. Сұм соғыс аяқталғаннан кейін дивизия өзінің жауынгерлік жолын ел іргесін қорғау мақсатында жалғастыра береді. 1961 жылы 24 ақпанда әуе шабуылына қарсы қолбасшысының директивасы негізінде 78-ші зениттік зымыранды бригадасы атауының орнына 97616 әскери бөлімі атауы беріледі. 1961 жылы КСРО қорғаныс министірлігінің бұйрығымен әскери бөлім Қазақстанның аумағындағы Аягөз қаласына көшіріліп, бүгінде бейбіт ел аспанының тынышытығын қарауылдауда. Осындай тарихы ерлікке толы әскери бөлімнің бүгінгі жеке құрамы тарих пен дәстүрді ұмытпай пандемияға қарсы сақтық шараларын сақтай отырып кезекті 78 жылдығын 7 қарашада салтанатты сапқа тұрып атап өтті.
Шарада бөлім командирі жеке құрамды аталмыш мерекесімен құттықтап сөз сөйлеп, бригада штаб бастығы мерекелік күнге арналған жеке құрамды көтермелеу жайлы бұйрықты жеткізді.
Сонымен қатар әскери қызметтегі кәсіби шеберліктері үшін бір топ офицерлер мен сержанттар және сарбаздар алғыс хаттармен, мақтау грамоталарымен марапатталды. .
- Бүгін мен үшін өте ерекше күн себебі біздің әскери бөліміміздің құрылғанына 78 жыл болды әрине бұл аз уақыт емес. Тарих еншісінде қалған жылдар да әскери бөліміміз тәуелсіздік алғанға дейін және тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарулы Күштердің оның ішінде әуе шабуылына қарсы әскерлері арасында мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып еліміздің әскерінің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Жауынгерлік даярлықта біздің бөлім арнайы дайындауды және игеруді қажет ететін ең күрделі міндеттерді орындайды. Біздің әскери қызметкерлер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен орындауда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, әрі қарай табысты еңбек тілеймін!», – деді бөлім командирі полковник Таир Жұматаев

Оқи отырыңыз