Зайсанда 36 тұрғын үйдің пәтер кілттері табыс етілді.
Зайсан ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында көпбалалы аналарға салтанатты жағдайда 36 тұрғын үйдің пәтер кілттері табыс етілді.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы аясында 2 пәтерлі 18 үй, яғни 36 көпбалалы отбасыларына пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етіліп, көпбалалы отбасылар қуанышқа кенеліп, Елбасына, Мемлекет Басшысына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Алдағы уақытта көпбалалы аналарға деген қамқорлықтар жалғасын табады.
Сауыр Мөлтек ауданында тағы да 2 пәтерлі тұрғын үйлердің тағаны қаланып, биыл құрылысы басталған 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы келер жылы аяқталып, қолданысқа берілмек.
Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірінші кезекте көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі лайықты жүзеге асырылды.