KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Өскемен: Жол шұңқырлары неліктен кірпішпен жамалған?

4.04.2023, 17:42 337 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде кірпішпен жамалған жол шұңқырлары қала тұрғындарын таңғалдырды.

"Таза Өскемен" КМК директорының айтуынша, шұңқырларды кірпішпен жамау әлемдік тәжірибеден алынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай технология бүкіл әлемде қолданылады. Өткен жылы елордадағы шұңқырлар кірпішпен және тақтатаспен жамалған. Ол жол жамылғысын сақтап, жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайту үшін жасалады. Кірпіштер жолдарда жөндеу жұмыстары басталғанға дейін ғана тұрады, дейді "Таза Өскемен" КМК директоры Асхат Таженов.

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары күн жылынысымен басталады. Өткен аптада күн суытпай тұрып Пермитин, Сафонов және басқа көшелерде шұңқырларды жамау жұмыстары басталып кеткен.

Сондай-ақ биыл қала тұрғындарын "100 күнде 10 мың шұңқыр" челленджіне қатысып, көшедегі шұңқырларды суретке түсіріп, арнайы телеграм-ботқа жібере алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив