KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Жөндеуге болмайды». Өскемен әкімдігі көшедегі шұңқырларды қайтпек?

10.03.2020, 05:10 146

Өскеменде көшелерден қар кетіп, көлік жолдарында шұрық-тесіктер пайды болды. Алайда қазір жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мамандардың айтуынша, асфальт төсеу үшін ауа температурасы нөлден жоғары болуы керек. Сол себепті қала әкімі ақпан айының соңынан бері коммуналдық қызметкерлер мен жауапты тұлғаларға шұңқырларды толтырып, жолдарды тегістеуді тапсырып келеді.

– Шұңқырларды суық асфальттармен, фрезматериалдармен толтыру жұмыстары жүргізіледі. Көшелердің тізімі жасалып жатыр. Асфальт зауыты тек плюс температурада ғана жұмыс істейді. Сондықтан жөндеу жұмыстары наурыз айының соңында басталады деп жоспарлануда – деп мәлімдеді қаланың ТҮКШ бөлімі.

 

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив