KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Көктемгі су тасқыны кезінде үйлерге су кірмеген – Өскемен

Фото: Шартты сурет

11.04.2023, 17:25 228

Су бұру құрылымдарын, табиғи және жасанды су өткізу құбырларын, арықтарды көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау күз кезінде басталып, «Таза Өскемен» мекемесінің қызметкерлері қажетті шараларды атқарған. 
Биыл көктемгі су тасқыны кезеңінде бірде-бір үйге елеулі су кірмеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  
Күзде мамандар арықтар мен бұлақтарды қоқыс пен шөптерден арылтып, ерте көктемде қардан тазартты. 
Табиғи ерекшелігіне сәйкес Защита, Нефтебаза, Красина, Ахмер кенттерінде, Прохладная және Согра шағын аудандарында, Аблакетка ышқам ауданында су арналары мен табиғи түрде қалыптасқан арықтар бар. Олар  су басудың алдын алуда маңызды рөльге ие. 
Арықтарды тазалау өзге де шағын аудандар мен көшелерде жүргізілген. 
Сонымен қатар, арықтарға су жіберуді қамтамасыз ету үшін Корницкий және Руднев көшелеріндегі кәріз құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, диаметрі 250 мм болатын жаңа құбырлар төселген. Красина кентіндегі Пушкин көшесінің бойына арық салынып, оған құбыр төселді, алдағы уақытта оны бетондау жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив