KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Ұлан ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты

11.03.2023, 09:36 269 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданында көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау үшін барлық қажетті іс-шаралар жасалуда.

Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аудан әкімі 9 наурыз күні Бозанбай, Мамай батыр, Герасимовка ауылдарында көктемгі су тасқының болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтқан.

- Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметкерлері мен күштері, сондай-ақ жергілікті әкімшілік өкілдері, тұрғындар мен  Ұлан ауданының азаматтық қорғаныс құрылымдарының күштері қатысуда. Арықтарды, құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілді.  Жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда, - дейді Ренат Құрмамбаев.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу