Өскеменде қоқыс толы арықтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр
![](/kz/uploads/posts/2023-03/photo_191418.webp)
Облыс орталығында қоқыс басып қалған арықтар мен су бұру каналдарын тазарту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, әсіресе Ахмер кентінде бұл мәселе жиі көтерілетін көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде қар мөлшерінің шамадан тыс көп болуына байланысты ақпан айынан бастап жоғары дайындық режимі енгізілген болатын. Сондай-ақ облыс орталығындағы 11 учаскеде, атап айтқанда шеткі аймақтарда су тасқыны қаупі жоғары екенін жазғанбыз.
Қала әкімдігі де қарғын судың қаупін азайту үшін шеткі аймақтардағы арықтар мен мен су бұру каналдарын тазартуды жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ әкімдік өкілдері арыққа қоқыс тастаушылары анықтау үшін учаскелік полициямен жұмыс жасап жатқандарын атап өтті.