KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды – Өскемен

12.04.2023, 14:42 275 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Өскеменде "Алтай жұлдыздары" атты көркем гимнастикадан Өскемен қаласының ашық чемпионаты басталды.

3 күнге созылатын чемпионатта 6-14 жас аралығындағы жас спортшылар бақ сынамақ, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

– Бүгін көркем гимнастикаға қатысатын жас спортшыларымыздың дайындықтарын тамашалаймыз. «Алтай жұлдыздары» ашық біріншілігі алда келе жатқан облыстық, республикалық жарыстардың іріктеу турнирі болып табылады. Осы чемпионатта топ жарған қыздарға мақтау қағаздары, медаль мен арнайы сыйлықтар табысталады, – дейді Өскемен қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ербол Қоңыратов.

  

Сондай-ақ осы байқау арқылы 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына аттанатын ШҚО құрамасы жасақталады.

– Чемпионатта 6-14 жас аралығындағы 200-ден астам қыз, топтық жаттығуларда өнер көрсететін 15 команда 15 дициплина бойынша өнер көрсетеді, – деп атап өтті Ербол Азатбекұлы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив