KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Өскемен ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталып кетті

13.04.2023, 15:23 390 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жылыту маусымы әзірге аяқталған жоқ. Десе де, Өскемен ЖЭО энергетиктері алдағы күзгі-қысқы кезеңге жабдықтарды дайындауға белсенді кірісіп кеткен. 
Бүгінгі таңда станцияда тоғыз қазандық агрегаты және сегіз турбиналық агрегат орнатылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
 «Өскемен ЖЭО» ЖШС өңірдегі ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. ЖЭО қызметкерлері 2023 жылға арналған жөндеу науқанының бұрын бекітілген кестесіне сәйкес жөндеуге кірісті. 
 Өскемен ЖЭО-да жыл сайын негізгі жабдықта жұмыс істеу шамасына қарай, парктік ресурсы аяқталған бөлшектерді жоспарлы ауыстыру жүргізіледі. Қызметтің нормативтік мерзіміне жеткен кезде жабдықтың техникалық жай-күйін айқындау үшін мамандандырылған сараптама ұйымы өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда жабдықты парктік ресурсынан тыс (қызмет ету мерзімін ұзарту) одан әрі пайдалануға рұқсат етіледі.

– Бүгінде негізгі жабдықтың тозу деңгейінің жалпы пайызын айтарлықтай төмендету үшін күрделі жөндеу, қайта құру, жаңғырту көлемі өте жеткіліксіз деп толық жауапкершілікпен айта аламын. Тариф есебінен қалыптасатын өте шектеулі бюджетті ескере отырып, біз жабдықты тек жұмыс күйінде ұстай аламыз. Бірақ облыс орталығы өсуде, жаңа тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салынуда, өнеркәсіп дамуда, шағын және орта бизнестің жаңа субъектілері пайда болуда. Бұл, әрине, энергетикалық қуаттылықты арттыруды талап етеді. Бірақ тұрақты өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру үшін бізге айтарлықтай инвестициялық салымдар қажет. Алайда тарифтің жеткіліксіздігіне байланысты біз оған қол жеткізе алмай отырмыз. Біз ең ауқымды жобаларды жүзеге асыруға, энергия қуатын арттыруға дайынбыз. Біздің сұрайтынымыз бір-ақ нәрсе – адекватты тариф. Өйткені бұл қаражат облыс орталығын сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындарының игілігіне жұмсалады, – дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан.

  Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО өзінің қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп келеді. Ағымдағы тариф көмірдің, судың, қосалқы бөлшектердің, жөндеу жұмыстарына қажетті материалдардың жылына бірнеше рет өсіп келе жатқан құнын қамтымайды. Қолда бар қаражат міндетті түрде жүргізілуі тиіс ең қажетті жөндеулерге ғана бөлінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу