KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Риддерде мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмыс кестесіне көшті

14.11.2022, 15:29 528 Ләззат Қанатқызы

Риддердегі жылу электр орталығында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қараша күні сағат 20.00-де күл шығару жүйесіндегі жылу станциясында сорғы істен шығып, № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Нәтижесінде,  22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру азайтылып, мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріліп, Риддерде төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі уақытта станцияға агрегаттардың жұмысын реттеу үшін Өскемен және Согра жылу электр орталықтарының энергетиктері мен арнайы мамандары келген.

- Сондай-ақ, "Терезе" және "ВК Инвест Инжиниринг" кәсіпорындарының 30 маманы келді. Бүгінгі таңда жылу орталығында №1, № 3 орташа қысымды қазандықтары мен № 6 жоғары қысымды қазандық жұмыс істеуде. № 4 ( жоғары қысымды) қазандықты автоматтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жақын арада аталмыш агрегатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Қазір станцияда 260 тонна мазут бар. Бүгін тағы 5 жанармай вагоны келеді деп күтілуде. Жылу желісіндегі температура мөлшері 55/42, сыртқы ауа + 7 °С (орташа тәуліктік температура +1), - дейді аймақ басшысы.

Айта кету керек, бүгіне қаладағы мектептер және балабақшалар қалыпты жұмыс кестесіне көшірілген. Десе де, оқу орындарында сабақтар 30 минутқа және үзіліс уақыты 5 минутқа дейін қысқартылды. Қалада төтенше жағдай режимі әлі де сақталады. ШҚО әкімі басшылық етіп отырған жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіретін штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу