Ингуш және шешен билерінің тарихы баяндалды – Өскемен
16 сәуірде шешен және ингуш ұлттық билерінің тарихына арналған шара өтті. «Вайнах» ансамблінің кезекті есептік концерті Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының төрінде ұйымдастырылды.
Әсем би, әртүрлі стильдегі өнер туындылары, қызықты қойылымдар мен аспаптық композициялар кеш көркін келтірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шешен және ингуш халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеген шарада аспаптық, вокалдық композициялар, ән мен би, түрлі қойылым көрерменнің көңілін аулады.
– Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Әртістердің дайындаған қойылымдарына көңіліміз толды. Шараны ұйымдастырушыларға және «Вайнах» ансамбліне шексіз алғысымызды білдіреміз! – деді кешті тамашалуға келген Оксана Калиакперова.
Оқи отырыңыз