Өскеменде жаңа онкологиялық орталық ашылуы мүмкін бе?
Облыс орталығында өткен өңіраралық экоинициативалар форумында белгілі қоғам қайраткері Серік Оразбаев "АЗИЯ АВТО" кәсіпорнының ғимаратынан онкологиялық орталық ашуды ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Мен онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың емделуі үшін Астана немесе Алматы қалаларына баруын құптамаймын. Өскеменде науқастарға арналған жаңа мамандандырылған орталық ашылсын. "АЗИЯ АВТО" компаниясының ғимаратын әкімдік өз балансына алып, емдеу орталығын ашуды ұсынамын, – деді Серік Оразбаев.
ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев ұсынысқа жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі жобаны келесі жылы толығымен қарастыруы мүмкін деген пікір білдірді.
– Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының ШҚО әкімінің орынбасарымен кездесуі өтті. Олар аймақтағы денсаулық сақтау саласына баса назар аударды. Денсаулық сақтау министрлігі өз бюджетіне сүйене отырып, келесі жылға бұл жобаны қарастыруы мүмкін, – деді Данияр Әлиев.
Оқи отырыңыз