KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Шығысқазақстандықтар онкологиялық аурулар диагностикасынан тегін өте алады

1.10.2019, 06:24 161

ШҚО тұрғындары МРТ (магнитті-резонансты томография) іске қосылғаннан кейін онкологиялық аурулар диагностикасынан тегін өте алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапары барысында Онкологиялық және хирургиялық орталық пен оның жанынан ашылған сәулемен емдеу орталығын аралады. Онкологиялық ауруларды емдеу және диогнстикадан өткізу үшін аталмыш орталыққа жаңа құрал-жабдықтар алынғаны белгілі. Бұл «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырудың кешенді жоспары» аясында іске асырылуда.

Сондай-ақ Онкологиялық орталық мамандары қазан айының ортасында Израилдің озық емханаларында үшінші деңгейлік оқытудан өтеді.

Қазіргі уақытта орталықтағы құрылыс жұмысы аяқталуға таяп қалды. МРТ құрал-жабдықтары реттеліп, іске қосылғаннан кейін, облыс халқы тегін диагностикадан өте алады.

"МРТ іске қосылғаннан кейін, тұрғындар бұрынғыдай бас қалаға сабылмайтын болады", - дейді дәрігерлер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу