Өскеменде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды
шартты сурет
Облыс орталығында 13 сәуірден бастап кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі күні Самар тасжолында, Күленов кенті, Аблакетка, Лесхоз, Согра, Марьяновка ауылы мен Үлбі кентінің айналасында және Самсоновка ауылының жанындағы саяжайларда дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген.
«Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады», деп атап өтті санэпидқызметі.
Осы орайда айта кету керек, медициналық және білім беру мекемелеріне іргелес жатқан аумақтар, қала орталығындағы жағалаулар мен саябақтарда дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.
«Биыл тек "Самал" саябағы мен Сол жағалау кешенін өңдеу жоспарланып отыр. Ал көктемгі кезеңдегі кенемен күрес жұмыстары сәуір айының соңы мен мамырдың басына аяқталады», дейді санэпид қызметінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз