Риддерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Риддер қалалық әкімдігінің мәліметі бойынша, сәйкес жұмыстар Соколок, Сосновый бор, Кедровка аумақтарында, сондай-ақ, «Синегорье», «Громотуха» демалыс базаларында жүргізілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Десе де, өңдеу жұмыстары кенелерді толық жоя алмайды екен. Сондықтан табиғатқа демалуға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Айта кетсек, аймақта кене энцефалиті таралатын қауіпті мекендер – Алтай, Катонқарағай, Шеемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандары, Риддер мен Өскеменнің маңы болып табылады.
Оқи отырыңыз