KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Өскемендіктер жазушы Айзат Рақышпен жүздесті

28.04.2023, 10:31 360 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Жазушының сөзі – өмірдің өзі» тақырыбымен  жазушы, ұстаз Айзат Рақышпен кездесу өтті.

Кездесуде студент жастармен қатар, жазушының құрбылары, шығармаларын сүйіп оқитын тұрақты оқырмандары да келіп қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кеш барысында қатысушылар Айзат Рақыштың шығармалары бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беріп, өздерін толғандырған сан сауалға жауап алды. Жазушы да әдебиетке бет бұрған жылдары туралы естеліктерімен бөлісті.

– Арман қуып Алматы қаласына баруымның басты себебі – журналистикаға ғашық едім. Жаңалықтың легін аңдып, халыққа жеткізу арманым болды. Бірақ мені ешкім журналист деп қабылдамаған соң, диплом бойынша мектепке мұғалім болып жұмысқа кірдім. Сонда да арманымнан бас тартпай, түрлі мақалалар жазатынмын. Десе де, өз эмоциямды қосып жазатындықтан редактор «Сен прозаға барсаңшы» деп ақыл айтты. Басында біраз уақыт әзіл әңгімелер жазып жүріп, жазушылыққа бет бұрдым,  – дейді жазушы.

 

Жазушы-жерлесіміз бұл кешке де құр қол келмей, өзінің оқырмандары үшін сүйінші жаңалығын арқалап келген. Арадағы ұзақ үзілістен соң туған жеріне келерде ерекше шабыттанған ол «Көз байланғанда» атты тұңғыш көлемді шығармасын жазыпты.

Ерекше форматта өткен кездесуде жиналғандар Айзат Рақышты тек жазушы деп қана емес, ақындық, әншілік қырынан да таныды.

– Жастармен, оқырмандарыммен ашық сұхбаттасу барысында уақыттың қалай өткені де байқалмады. Қазіргі оқырман көпсөзділік, ресми жиналыстарды ұната бермейді. Сондықтан осындай бейресми кездесулерді дамыту керек деп ойлаймын, – деді Айзат Рақыш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив