KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Биыл Өскеменде спорт алаңдарының саны артады

Фото: автордікі

6.05.2023, 10:32 424

Қала билігі ағымдағы жылы облыс орталығындағы аулаларда тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне орай, спорттық алаңдар санын арттыруға екпін беруде.

Сондай алаңдардың бірі – қаланың Сол жағалау бөлігіндегі 19-шы тұрғын ауданындағы Көкжал Барақ көшесі, 7/1 және 7/2 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында салынып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған аулада баскетбол-волейбол алаңы құрылысы жүріп жатыр. Жауапты мердігер келесі айдың ортасында кестеге сай тапсырамын деп уәде етіп отыр. Ал тұрғындар тілектерінің ескерілгені үшін қала әкіміне алғыстарын айтуда.

«Бұл үйдің тұрғындары былтырдан бері өтініш жазып, белсенділік танытып, арнайы ұйымдастырылған онлайн дауыс берудің нәтижесінде осы спорттық алаңды жеңіп алды. Осы жылы бұл жұмысты жалғастырып, Самсонов кентінде және Ахмер ауылындағы «Металлург-6» саяжай бірлестігінде осындай спорт алаңдарын орнатамыз. Мемлекет басшысының және облыс әкімінің берген тапсырмаларына сәйкес қаламызда бұқаралық спортты дамыту – басты міндетіміз болмақ», –  деді қала әкімі Жақсылық Омар нысан басында болғанында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу