KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Өскемен: «Халық қатысатын бюджетке» 840 млн теңге бөлінеді

шартты сурет

15.02.2023, 18:09 356 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Соның арқасында былтыр қаланың шағын аудандарының 55 учаскесінде көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 13 ауланың аумағы абаттандырылды, 12 балалар алаңы және бес спорт алаңы жабдықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл бағдарламаны іске асыруға 840 миллион теңге қарастырылған. Аулаларды абаттандыруға 500 миллион теңге, шағын сәулет нысандарын орнатуға – 130 миллион, футбол алаңдарын жабдықтауға – 45 миллион, сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуға – 122 миллион, тротуарларды орнатуға – 42 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

Биыл іске асырылатын жобалардың қатарында «Металлург 6» бау-бақша серіктестігіндегі футбол алаңы және Көкжал Барақ көшесіндегі баскетбол-волейбол алаңы бар. Бұл нысандардың барлығы қала тұрғындарының өтінімдері негізінде таңдалғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу