KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да сарбаз құрбысына ерекше жолмен ұсыныс жасады

10.05.2023, 11:16 1 020 Оразай Жеңісұлы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті Зайсан ауданы Шекара басқармасында ерекше жағдай болды.

Әскери ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаз құрбысына үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауылының тұрғыны, мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер Олег Поликарпов шеру алаңында сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бойжеткен тұрмысқа шығуға келісім беріп, келесі көктемге дейін күтуге уәде етті. Үш жүзден астам адам осы романтикалық эпизодтың куәгері болды.

  Айта кетейік, 7 мамырда Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының екі жүзден астам әскерге шақырылушысы Отанға адал болуға ант берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу