KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

«Қазақстан» тауындағы ту ауыстырылады – Өскемен

Фото: Шартты сурет

12.05.2023, 11:03 617

«Таза Өскемен» мекемесі 12 мамырға қараған түні қатты желдің әсерінен «Қазақстан» тауындағы тудың бүлінгенін байқаған.

Әкімдік «Мемлекеттік рәміздер тауы» сәулет кешенінің тұғырындағы тудың өлшемі мен ашық биіктікте орналасуын ескеріп, мұндай жағдайдың болуы қалыпты екенін жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тудың жыртылғанын мекеме түнде байқағандықтан оны ауыстыру жұмыстары таңғы уақытқа шегерілді. Жұмысты бастауға күшті желдің екпіні мен ту орналасқан биіктік те кедергі келтірген.

«Таза Өскемен» мекемесінің жөндеу бөлімі туды ауыстыруға күндізгі уақытта кірісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив