KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 6 м/с, С
441.79 478.77 4.9

Өскемен: «Металлург» саябағының аттракциондары жаңартылмақ

15.05.2023, 09:41 539 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы «Металлург» саябағы кез келген жастағы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Көптен бері жөндеу көрмеген саябаққа өткен жылы абаттандырудың бірінші кезеңі жүргізілген болатын.

Кіреберіс аркалар толықтай жаңартылып, тротуар төселді, саябақішілік жолдар жөнделіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал биыл демалыс орнында абаттандырудың екінші кезеңі басталды. Онда бірінші кезеңде басталған жол жөндеу жұмыстары жалғасып, асфальт, тақтатастар төселеді және орындықтар мен жарықтандыру тіректерін орнату көзделген. Сондай-ақ аттракциондарды да жаңарту жоспарланған.

- «Металлург» саябағы жаңа, заманауи демалыс орнына айналады. Биыл аттракциондарды да жаңартуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш жұмыстар саябақта жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен бірлесіп жүргізіледі. Ал қазір жалпы абаттандыру жұмыстарын аяқтау керек, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кету керек, «Металлург» саябағы жыл көлемінде жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив